Қаулы қазіргі күнде заңды күшіне еңген жоқ.
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотымен азаматша «Б»- ға қатысты ӘҚБтК-нің 676 бабы бойынша әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сотта аңықталған мән-жай бойынша Орал қаласының пробация қызметінде есепте тұрған, сотталған «Б» өзінің инспекторы «Қ» - ның туған күніне гүл шоғын және шоколадпен қапталған құлпынай салынған шағын қорапты сыйға тартқан.
Аталған мән-жайды анықтау барысында азамат «Б» ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлімі 4-тармағы бойынша, 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасына кесілген, және тікелей пробация қызметінің инспекторы «Қ» бақылауында екен аңық болды. Сот отырысында «Б» кінәсін мойындап, теріс ойы болмағанын және ол адамға гүл беруге болмайтынын білмегенін айтты.
ӘҚБтК-нің 676-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық
жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, құқық бұзушылық екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай ақ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы мемлекеттік қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттері (не әрекетсіздігі) үшін сыйлықтар қабылдауға толық тыйым салады.
Сот істі зерделеп аз.«Б» Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 676-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік жаза ретінде 550 480 теңге айыппұл салды.
Қаулы қазіргі күнде заңды күшіне еңген жоқ.
Оқи отырыңыз: Заңсыз және визасыз қажылық жасауға тыйым салынады