Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Спортшы 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан құрамасының өкілі Артём Антропов ауыр атлетикадан Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

«Қоссайыстың қорытындысы бойынша Антропов 386 (165+221) келіні еңсерді» - делінген хабарламада.

Бұл салмақта жеңіске Қытай өкілі Лу Хуаньхуа жетті – 410 (180+230) келі.

Үшінші орынды Түрікменстаннан Дауранбек Хасанбаев иеленді – 377 (182+195) келі.

Айта кетейік, бұған дейін Пётр Хребтов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде жеңіп алған болатын.

Оқи отырыңыз: Қызылордада 900 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды

Новости партнеров