Оралда әйел адамды көлік қағып өлтірді
Аlmaty.tv
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Орал қаласында жол-көлік оқиғасынан әйел адам мерт болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 наурызда шамамен 22.10-да болған.
Жүргізуші «Ауди 80» автокөлігімен Жәңгір хан көшесі бойында Шаған өзенінен өтетін көпір маңында әйел адамды қағып кеткен.
— Марқұм жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлады ведомстводан.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында мешіт маңынан жас жігіттің денесі табылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52