Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
«Цифрлық сату» жедел алдын алу іс-шарасы аясында БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қаласының 26 жастағы тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, күдіктінің тұрғылықты жерінен өзіндік иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған бір түйіншек, 9 әйнек құрылғы, электрондық таразылар, зип-пакеттер табылып, тәркіленді.
Бұдан бөлек, ішінен оқшаулағыш лентамен оралған және ақ түсті ұнтақ зат салынған 35 түйіншек тәркіленді.
"Сондай-ақ күдікті полиция қызметкерлеріне есірткі жасырған орындарды көрсеткен, сол жерлерден тағы 10 түйіншек табылып, тәркіленді. Алдын ала деректерге сәйкес, күдікті үш ай бойы есірткі таратуға қатысы бар интернет-дүкенде курьер болып жұмыс істеген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады ведомстводан.
Оқи отырыңыз: Жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер қандай тексеруден тегін өте алады