Бұл жұмыстар «Аналар саулығы» арнайы бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр
Егер тексеру барысында қандай да бір патология анықталса, әйелдерге арнайы сауықтыру бағдарламалары ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Денсаулық сақтау министрлігі әйелдердің денсаулығын нығайту және ана мен балаға қауіпсіз жүктілік қалыптастыру үшін жаңа шаралар қабылдап жатыр. Бұл жұмыстар «Аналар саулығы» арнайы бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр.
Министрліктің мәліметінше, аналар өлімінің негізгі себептерінің бірі — әйелдердегі экстрагениталдық аурулар және жүктілікке алдын ала дайындықтың төмен болуы.
"Бағдарлама шеңберінде елімізде алғаш рет фертилдік жастағы, жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер МӘМС аясында 12 негізгі медициналық тексеруден тегін өте алады. Егер тексеру барысында қандай да бір патология анықталса, оларға арнайы сауықтыру бағдарламалары ұсынылады. Қазіргі таңда Қазақстанда әйелдердің прегравидалдық дайындықпен қамтылу деңгейі 46,1%-ды құрап отыр", — делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, жүктілікті дұрыс жоспарлау болашақ ана мен нәрестенің денсаулығына төнетін қауіп-қатерді айтарлықтай төмендетеді.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысындағы өрт: ауруханада жатқан 7 жастағы қыз көз жұмды