Оралда қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Азаматтарға күнделікті «жоғары табыс» уәде еткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оралда қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Заңсыз кәсіппен айналысқандар өздерін Канаданың, Гонконг пен Ұлыбританияның атынан тіркелген халықаралық инвестициялық компания ретінде таныстырған. Ал азаматтарға күнделікті жарты пайыздан 1 жарым пайызға дейін «жоғары табыс» уәде етіпті. Бірақ ол үшін салымшылар арнайы сілтеме арқылы өтіп, крипто әмиянға 20 мен 10 мың доллар шамасында ақша аударуы керек болған. Сондай-ақ адам көп тарту үшін күдіктілер белсенді жарнама жүргізіп, кеңселер жалдап, түрлі презентациялар мен конференциялар ұйымдастырған. Одан бөлек, Telegram-арна ашып, инвестициялардың қауіпсіздігін насихаттайтын бейнематериалдар жариялап отырған

«Заңсыз қызмет дер кезінде тоқтатылғанның арқасында пирамидаға барлығы 30 азамат тартылған. Олардың салған қаражаты 89 млн теңгеден асады. Қылмыстық іс сотқа жолданды. 2025 жылдың басынан бері 31 қаржы пирамидасына қатысты 90 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді, 7 млрд теңге көлемінде залал өтелді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Шамадан тыс жүк артқан көлік иесіне айыппұл салып жатыр - түркістандық жүргізушілер неге наразы

Новости партнеров