Оралда ток соққан бала көз жұмды

Осы қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оралда көпқабатты үйдің ауласында 9 жастағы бала тоққа түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Исатай-Махамбет көшесіндегі №82 үйдің маңында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, баланың добы сымға оратылып қалған. Ойын қызығына берілген жеткіншек оны қайтарамын деп, маңайдағы электр қосалқы стансасының төбесіне шығып кеткен. Осы сәтте жоғары кернеулі тоққа түсіп, ес-түссіз күйде жерге құлаған. Жедел жеткен ақ халаттылар балаға дереу алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізген. Алайда төртінші дәрежелі күйік шалып, денесінің 95 пайызы зақымданған жеткіншекті аман алып қалу мүмкін болмады.

«Бала ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Денесінің 90-95 пайызын күйік шалған. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайын біршама тұрақтандырған соң, аяқ-қолдарын ампутациялауға тура келді. Ота сәтті өткенімен, бала ес жимастан көз жұмды», – деді БҚО Rөпбейінді балалар ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Болат Әлібаев.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік шекара арқылы есірткі алып өтпек болған 40-қа жуық адам ұсталды

Новости партнеров