Бұл – Оралда осы ай басталғаннан бергі жас адамның өлімімен аяқталған екінші жол-көлік оқиғасы
Орал қаласында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 8 қыркүйек күні сағат 01.30-да Зачаган кентінде 19 жастағы жүргізуші Күлтегін көшесінде «ВАЗ-2114» автокөлігінің руліне ие бола алмай, бағанға соғылған. Содан кейін автокөлік аударылған.
"Жол апаты салдарынан автокөлікте отырған 21 жастағы жігіт алған жарақаттары салдарынан ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін қатаң сақтау керектігін еске салады", - деп хабарлады ведомстводан.
Бұл – Оралда осы ай басталғаннан бергі жас адамның өлімімен аяқталған екінші жол-көлік оқиғасы.
Оқи отырыңыз: Талғардағы қанды оқиға: лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды