Оралда тұрғындарға бес есе жоғары пайызбен несие беріп келгендер әшкереленді

02.07.2025 15:37

Қарыз алушылар күн сайын 1,5% төлеуге мәжбүр болған

Оралда лицензиясыз қарыз берумен айналысқан топқа қатысты тергеу басталды. Олар бес жыл бойы тұрғындарға шекті мөлшерлемеден 5 есе жоғары пайызбен несие рәсімдеп, жалпы көлемі 1,5 млрд теңгеден асатын келісімдер жасаған. Бұл жайында Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тексеру кезінде күдіктілер пайыздық үстемені «кеңес беру қызметі» ретінде жасырып келгені белгілі болды. Мұндай қызметтер туысына тіркелген және байланысы бар серіктестік арқылы көрсетілген екен.

«Қарыз алушылар күн сайын 1,5% төлеуге мәжбүр болған, бұл заңмен белгіленген шекті мөлшерлемеден 0,3% яғни бес есеге артық. Аталған заңсыз микроқаржы ұйымы арқылы 47 мыңнан астам қарыз жоғары пайызбен берілген. Алдын ала мәлімет бойынша, заңсыз алынған табыс көлемі 917 млн теңгені құрайды. Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне – өндірістік коммерциялық нысан мен бір пәтерге тыйым салынды», - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Бөлшектеп, қоқыс жәшігіне тастаған: Жезқазғанда танысын өлтірген екеуге үкім шықты