Ол ауруханаға өте ауыр халде түскен
Орал қаласында жол апатынан кейін ауруханаға жеткізілген 63 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
БҚО денсаулық сақтау басқармасын түскен мәліметке қарағанда, 1961 жылғы әйел ауруханаға өте ауыр халде түскен. Оның кеуде және іш тұсына оталар жасалған. Бірақ ауыр жарақат оның өліміне соқтырды. Патологоанатомиялық зерттеу жасалатын болады.
"Ал 1958 жылғы ер адам хирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, тұрақты. Қажетті емін алуда", - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Оқи отырыңыз: Петропавлда 18 жастағы бойжеткен ер адамды пышақтап тастаға