Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында тағы екі алтын медаль ұтты

03.11.2024 15:00

Бокстан жастар арасында жарыс өтіп жатыр

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында тағы екі алтын медаль ұтты
Сгенерировано ИИ

Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақтық сында Санжарәлі Бегалиев (75 кг дейін) пен Аружан Зейноллаева (81 кг дейін) топ жарды.

"Бегалиев финалда өзбекстандық Джафарбек Шахбазовтан басым түссе, ал Зейноллаева Рухшона Парпиеваны (Өзбекстан) жеңді", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Төрехан Сабырхан (67 кг дейін) әлем чемпионы атанған еді. 

3 қараша күні қазақстандық спортшылардың қатысумен тағы төрт финалдық кездесу өтеді.

Оқи отырыңыз: Асылхан Көшербай U19 әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды