Ораза қашан басталады: 2025 жылғы діни мерекелер кестесі бекітілді

elements.envato.com
elements.envato.com

Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымда атап өтіледі  

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылға арналған діни меркелердің кестесін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқарманың шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылға арналған діни күндердің кестесін бекітті.

«Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді», - делінген ҚМДБ хабарламасында.

Көп оқылған: Республика күнінде қазақстандықтар қалай демалады

Кестеге сәйкес, Рамазан айы 1 наурызда басталады.

26 наурыздан 27-іне қараған түн – Қадір түні.

Ораза айт – 30 наурыз.

Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымда атап өтіледі.

Оқи отырыңыз: Халықаралық нан күні: Алматыда кәсіби аспаздар байқауы өтті

Новости партнеров