Өрт қаупінің 5-санаты жарияланды: Алматы ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

27.07.2025 17:02

Мегаполисте күндізгі температура 35–39°C дейін көтеріледі

Аlmaty.tv

Қалалық дауылды ескертуге сәйкес, Алматыда 28 шілдеге дейін күндізгі температура 35–39°C дейін көтеріледі. Қала аймақтарында өрт қауіптілігінің 5-санаты сақталып отыр. Мұндай жағдайда кез келген ұшқын ірі өртке әкеп соғуы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда құрғақ шөптерді отау және жырту жұмыстарына қарамастан, 300-ден астам шөп жану жағдайы тіркелді. Оның кейбіреуі таулы аймақтардағы өртке ұласып, тұрғын үйлерге оттың таралу қаупін тудырды,

Қазіргі таңда Әкімшілікпен бірлесіп, 104 шақырым аумақтағы құрғақ шөп шабылды.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан құрғақ шөп жанындағы от жағудан, шылым шегуден және шөп пен сабанды өртеуден бас тартуды сұраймыз.

Сондай-ақ:

  • бірнеше электр құрылғысын бір розеткаға қоспаңыз – бұл қысқа тұйықталуға және өртке себеп болуы мүмкін;
  • автокөлік ішінде балаларды қалдырмаңыз;
  • күн өтіп кетпес үшін ашық күнде серуендеуден аулақ болыңыз.

Егер өрт салдарынан ауыр зардаптар орын алса, кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Тұрғындар эвакуацияланып, тікұшақ тартылды: Ақсай шатқалында қураған шөп өртенді