Тұрғындар эвакуацияланып, тікұшақ тартылды: Ақсай шатқалында қураған шөп өртенді

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Қазіргі кезде өрттің ауданы анықталып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысы Қарасай ауданының Көклайсай саяжайлары ауданында өрт шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі кезде өрттің ауданы анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Жақын маңдағы саяжай учаскелерінің тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Қазіргі уақытта тұрғын үйлер мен іргелес аумақтарға өрттің таралу қаупі жойылды.

«Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ № 28237 әскери бөлімінің күштері мен құралдары, сондай-ақ Мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлері дереу жіберілді. Барлығы 150- ден астам адам мен 20 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру жергілікті жердің күрделі рельефімен және ауа-райы жағдайларымен күрделенуде, алайда өртті жою жұмыстары жалғасуда.

Өрт сөндіруге қосымша ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ су ағызу құрылғысы бар Ми-8 тікұшағы тартылды.

ТЖМ баспасөз қызметінен түскен соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі сәтте өрт оқшауланды. 

"Өрттің алдын ала ауданы - 5 гектар. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Ақтаудағы қоқысқа толы жағажай жұртты ашындырды

Новости партнеров