Өрт сөндіру көлігі жолын бөгеген автокөлікті соғып өтуге құқылы - заңгер

Заңгер Тілеужан Кішкенебаев мұндай жағдайда мамандар заң бойынша жаупкершіліктен босатылатынын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Адам өмірін құтқаруға асыққан өрт сөндіру көлігі жолын бөгеген автокөлікті соғып, қағып өтуге құқылы». Бұл туралы Қылмыстық Кодекстің 34-бабында жазылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Заңгер Тілеужан Кішкенебаев мұндай жағдайда мамандар заң бойынша жаупкершіліктен босатылатынын айтты. Өйткені, төтенше жағдай кезінде басымдық адам өміріне беріледі. Яғни, қысылтаяң сәтте темір тұлпардың иесін таба алмаса, құтқарушылар кедергіні күшпен жоюға дейін барып, жедел әрекет етуі тиіс. Сондай-ақ заңгер өрт сөндірушілер тарапынан ешқандай әрекет болмай, салдарынан адамдар зардап шексе, олар салғырттық танытқаны үшін сотталатынын айтты.

Тілеужан Кішкенебаевтың айтуынша, қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін пәтерлерге өрт дабылы құрылғысын орнату қажет.¤

«Қылмыстық Кодекстің 371-бабында, яғни адам өз жұмысын, қызметін салғырт қарап, соның салдарынан ауыр зардап шегетін болса, және тексеріс кезінде анықталатын болса, ¤4 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған», – деді заңгер Тілеужан Кішкенебаев.

Оқи отырыңыз: Астанада өрт кезінде жолды бөгеген жүргізуші жауапқа тартылды

Новости партнеров