Министр бастауыштағы оқу бағдарламалары мен бағалау жүйесіне талдау жүргізіліп, өзгерту енгізілгенін еске салды
БЖБ мен ТЖБ орта және жоғары сыныптардан алынып тасталады. Мұндай мәліметті Үкіметте өткен брифингте Оқу-ағарту министрі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жұлдыз Сүлейменова өзгерістер алдымен бесіншіден тоғызыншы сыныпқа дейін енгізілетінін жеткізді. Одан кейін 10-11 сынып оқитын оқушылардың білімін бағалау жүйесі қайта қаралмақ.
Министр бастауыштағы оқу бағдарламалары мен бағалау жүйесіне талдау жүргізіліп, өзгерту енгізілгенін еске салды.
Енді оларға тоқсан соңында БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді. Оның орнына балалардың күнделікті оқуына көбірек көңіл бөлінеді. Яғни мұғалімдер оқушының сабақтағы белсенділігін, тапсырмаларды орындауын және оқу барысындағы жетістіктерін бағалайды.
Айта кетейін, бұл жаңашылдық бірінші қыркүйектен бастап күшіне енді.
«Оқу бағдарламалары мен бағалау тәртібі қайта қаралды. Енді ТЖБ тоқсандық баға қою үшін өткізілмейді. Оның орнына оқушының сабаққа күнделікті қатысуы, жауаптары мен оқу барысындағы жетістіктерін бағалауға көбірек мән беріледі. Бұл өзгерістер кезең-кезеңімен енгізіледі. Келесі жылы 5–пен 9-сыныптардағы бағалау жүйесі қайта қаралады. Одан кейін 10–мен 11-інші сыныптарға қатысты жүйе өзгереді», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.
Оқи отырыңыз: Еліміздің 11 өңірінде 13 жаңа заманауи колледж салынады