Орталық Азияға тартылған инвестицияның 60%-ы Қазақстанға тиесілі - Президент

25.12.2025 17:20

Мемлекет басшысы Қазақстан тауарлары мен отандық бизнеске кез келген шекара ашық екенін айтты

Аlmaty.tv

Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияға тартылған инвестицияның 60 пайыздан астамы Қазақстанға тиесілі екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орталық Азия плюс» форматына сұраныс артып келеді. Биыл аймақ елдері Еуропа Одағымен, Италиямен, Қытаймен, Ресеймен, АҚШ-пен және Жапониямен бірлескен келіссөздер жүргізді. Аймаққа тартылған инвестицияның 60 пайыздан астамы Қазақстанға тиесілі. Инвестициямен бірге жаңа технология, білім келеді, бірлескен ғылыми-техникалық орталықтар мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады», - деп атап өтті Президент.

Оның айтуынша, Қазақстан тауарлары мен отандық бизнеске кез келген шекара ашық.

«Сондықтан барша шетелдік серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастық құру – заман талабы, тіпті, өмірлік қажеттілік. Осылайша, Қазақ елі жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Біз осы бағыттан таймай, әлі де көп жұмыс істеуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: «Таза Қазақстан» аясында биыл елімізде 335 млн ағаш егілді - Тоқаев