«Таза Қазақстан» аясында биыл елімізде 335 млн ағаш егілді - Тоқаев

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Осы жылы Қазақстан үшін нағыз өрлеу жылы болды деп айтуға болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаты орнығып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап

«Қазақстан қауіпсіз ел ретінде қалыптасуда. Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаты орнығып жатыр. Екі күн бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы әңгімелестім, ол да заң мен тәртіп саясатын жүзеге асыруда, қылмысқа, тәртіпсіздікке жол бермейміз деді. Осындай саясаттың нәтижесінде соңғы бес жылда елімізде аса ауыр қылмыстар едәуір азайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары бойынша көрсеткіштер де төмендеді», - деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы жанашырлық пен қамқорлықты, тазалық пен жауапкершілікті арқау еткен жаңа мәдениет қалыптасып келе жатқанын тілге тиек етті.һ

«Осы орайда, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын айрықша атап өткім келеді. Биыл елімізде 335,6 миллион ағаш егілді. Расында, осы бірегей жоба халықтық сипатқа ие болды, еліміздің болмысын, сана-сезімін өзгертуге зор ықпал етті. Мен өзім осы жалпыұлттық қозғалысқа ерекше мән беріп отырмын. Таза болу дегеніміз, бұл – өте терең, маңызды ұғым. Бұл – ең алдымен, көшелеріміз, үйлеріміз, пәтеріміз таза болуы керек деген сөз.

Ниетіміз де әрқашан таза болуы қажет. Кең даламызда жасыл желек, ағаш көп өсуі керек. Түптеп келгенде, тазалық – ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналуы қажет. Жалпы, осы жылы Қазақстан үшін нағыз өрлеу жылы болды деп айтсақ, артық болмайды. Оқушыларымыз түрлі білім додасынан 1 мыңнан астам медаль алды. Спортшыларымыз ел мерейін өсіріп, көк байрағымызды биікте желбіретті. Өнерлі өрендеріміз төл мәдениетімізді төрге оздырды. Жер жүзі халқымызды рухы биік әрі озық ойлы ұлт ретінде тани бастады», - деді Президент.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда шетелдің 33 университетінің филиалдары ашылды - Президент

Новости партнеров