Орташа жылдамдықты сақтау: Алматы - Бішкек тасжолында жаңа бақылау жүйесі орнатылды

06.01.2026 20:04

Бақылау әдісі жүрісті уақытша азайтып, кейін қайта арттыратын жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді

Алматы және Алматы облысындағы республикалық маңызы бар тас жолда көлік қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа бақылау жүйесі енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тың технология жүргізушінің жылдамдықты тек бір нүктеде емес, жолдың белгілі бір аралығына дейін толық сақтауын анықтай алады. Яғни, бақылау әдісі жүрісті уақытша азайтып, кейін қайта арттыратын жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді. Бастама қазір тек Алматы - Бішкек тас жолында енгізілген. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, орташа жылдамдықтағы камераларды орнату үрдісі халықаралық тәжірибеге негізделген.

«Бұл ең алдымен, жол апаттарының алдын алуға, көлік көп жүретін учаскеде қауіп-қатерді азайтуға бағытталған. Орташа жылдамдықты өлшейтін жүйе жүргізушілердің қозғалысын тек бір жерде емес, бүкіл жол бойында сақтаған-сақтамағанын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі мақсат — өрескел жол ережесін бұзудың алдын алу», – деді Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мұрат Қалиасқаров.

Оқи отырыңыз: Интернет алаяқтық: Алматыда 1200-ден аса жағдай тіркелген