Өскеменде бір аптада 20-дан астам адамды ит қапты

Alexas_Fotos/ unsplash.com/
Alexas_Fotos/ unsplash.com/

Қала тұрғындары көшелерде иесіз иттердің қаптап жүретініне жыл басынан бері шағымданып келе жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскемен қаласында қаңғыбас иттерден зардап шеккендер саны артып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қала тұрғындары көшелерде иесіз иттердің қаптап жүретініне жыл басынан бері шағымданып келе жатыр. Ал соңғы күндері олар «Металлургтер» саябағында бұралқы иттерден аяқ алып жүре аймайтындықтарын жеткізген. Ит қауып алғандар да аз емес.

Белгілі болғандай, Өскемендегі медициналық мекемелерге 7-13 шілде аралығында ит қапқан 23 адам жүгінген.

"Өткен аптада адамды жануарлар тістеген 31 факті тіркелді. Оның ішінде 10-ы - үйдегі ит, 13-і - бұралқы ит. Сонымен қатар 6 адамды үйдегі мысық тістеп алған. Барлығына тиісті ем көрсетілді", - деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Тарифтердің өсуі жалғаса береді – Олжас Бектенов

Новости партнеров