Өскеменде фитолаборатория анықталды

01.05.2025 10:44

Арнайы жабдықталған бөлмеде күдікті қарасора бұтақтарын өсірген

Stefano Zocca/unsplash.com

Шығыс Қазақстан облысы тұрғынының үйінен тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған фитолабораторияны анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Арнайы жабдықталған бөлмеде күдікті қарасора бұтақтарын өсірген. Тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы 250 грамнан асты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Құқық қорғау органдары есірткі заттарын қолдану мен таратудың зиянды салдары туралы ескертеді және азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға, қоғамдық өмірге белсенді араласуға шақырады.

«Егер сізге есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты қандай да бір ақпарат белгілі болса, 102 арнасына хабарлауыңызды сұраймыз», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да полицейлер жүрек талмасына ұшыраған зейнеткерді құтқарып қалды