ШҚО-да полицейлер жүрек талмасына ұшыраған зейнеткерді құтқарып қалды

Hunt Han/unsplash.com
Hunt Han/unsplash.com

Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрі кәсіби әрекетінің арқасында медициналық көмек уақытында көрсетілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ШҚО-да полицейлер жүрек талмасына ұшыраған зейнеткерді құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алтай ауданында патрульдік полиция инспекторлары кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен танып, жерге құлаған ер адамды байқаған.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бір сәтке де кідірместен полиция капитаны Ринат Қуаниязов пен полиция аға лейтенанты Сырым Қалиқан алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Алайда азаматтың жағдайының ауырлығын ескеріп, олар оны дер кезінде жақын маңдағы ауруханаға өз көліктерімен жеткізуді ұйғарған.

Медицина қызметкерлері 70 жастағы зейнеткерге жүрек талмасы диагнозын қойды. Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрі кәсіби әрекетінің арқасында медициналық көмек уақытында көрсетілді.

"Мұндай сәтте адамды құтқару туралы ғана ойлайсың. Біз тек өз борышымызды орындадық", — деді полиция қызметкері Ринат Қуаниязов.

Зардап шеккен азаматтың жұбайы тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

"Ринат пен Сырым секілді жанашырлық танытып, дер кезінде көмек көрсеткен тәртіп сақшыларының арқасында жолдасым аман қалды. Оларға шын жүректен алғысымды айтамын", - деді тұрғын.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

 

Новости партнеров