Өскеменде жол апатынан екі адам қаза тапты

12.04.2026 11:45

Қазір аталған фактіге байланысты тергеу басталды

Аlmaty.tv

 Өскемен қаласында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты Малдыбаев көшесінде болған.

— Алдын ала деректерге сәйкес, 35 жастағы ер адам Honda Inspire маркалы көлікті айдап әкеткен. Малдыбаев көшесі арқылы қалаға кіріп келе жатқанда қарсы жолаққа шығып кетіп, Mersedes-Benz көлігімен соқтығысқан, — деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Соның салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында көз жұмды. Облыстық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Арман Үмітовтің айтуынша, Mersedes-Benz көлігінің жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған фактіге байланысты тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Астанада көпқабатты үйден шыққан өрттен үш бала қаза тапты