Алматылық оқушылар бір тәуліктің ішінде нейрожелінің көмегімен жоба әзірледі

Сайысқа шаһар мектептерінде 9 бен 11-сынып аралығында білім алатын 400 бала қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық оқушылар бір тәуліктің ішінде нейрожелінің көмегімен жоба әзірлеп, өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Стартаптар қауіпсіздік, экология, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік салаларын қамтыған. Жарыс барысында оқушылар мобильді қосымшалар мен сараптамалық сервистер жасап шығарды. Оған шаһар мектептерінде 9 бен 11-сынып аралығында білім алатын 400 бала қатысты.

Айта кетейік, бұл іс-шара оқушылардың бағдарламалау, деректермен жұмыс істеу және және жасанды интеллект негізінде өнім әзірлеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

«Біз үшін жасанды интеллектпен код бойынша жұмыс істеу қиын болды. Бірақ команда болып, үйлесімді жұмыс істегеніміздің арқасында шештік. Бізге жасанды интеллект құралдары көмектесті, соның негізінде өзіміздің жұмыс істейтін чат-ботымызды жасадық», - деді қатысушы Ерасыл Ауысбаев.

Сайыстан бөлек, оқушылар үшін сарапшы мамандар дәріс өткізіп, шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Сондай-ақ жоғары оқу орындары мен АйТи компаниялардың қатысуымен жасанды интеллект көмегімен жүзеге асқан жобалар көрмесі ұйымдастырылды.

«Іс-шаралар жиі өткізіледі. Жылына бірнеше рет ұйымдастырылады. Бұл өте жақсы, өйткені қазіргі заман жасанды интеллектпен жұмыс істеуді талап етеді. Ол балаларға қоғамға пайдасын тигізуге, күрделі әлеуметтік мәселелерге араласып, оларды шешуге ат салысуына көмектеседі. Сонымен қатар жастарда ғылымға қызығушылық та арттырады», -  деді қазылар алқасының мүшесі Айман Ожикенова.

Оқи отырыңыз: Эмоция және адреналин: Алматы маңында алғаш рет ірі автофестиваль өтті

Новости партнеров