Отандық әдебиеттің 100 үздік кітабы - сауалнамаға қатысушылар марапатталды

Солардың бірі, бес мыңыншы қатысушы – алматылық Ақерке Нышанова

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Отандық әдебиеттің 100 үздік кітабы». Алматыда аталған жобаның сауалнамасына қатысушылар марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық әдебиетті дәріптеуге бағытталған бастамаға 11 мыңнан астам адам қатысқан. Олар өзіне ұнаған туындының авторына дауыс береді. Жоба басталғалы  әрбір мыңыншы оқырманға сыйлық табысталып келеді. Мәселен бес мыңыншы қатысушы – алматылық Ақерке Нышанова, ал он бір мыңыншы болып Орал қаласының тұрғыны Марал Жұмағалиев анықталған. Оларға жоба серіктестерінің атынан арнайы сертификат табысталды. Ал сауалнама 23 шілдеге дейін жалғасады. Қорытынды тізім 10 тамызда белгілі болмақ.

«Өте тамаша жоба деп ойлаймын. Мақсаты – халық, жастар арасында сүйіп оқитын жазушыларды анықтау. Көпшілік белсенді қатысып жатыр. Бұған қатысу үшін EGOV мобильді жүктеме бар. Соған қосылып, сүйікті үш жазушыңызды таңдап жазасыз», – деді жоба ұйымдастырушысы Раиса Қадыр.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Абай атындағы республикалық мектеп-интернатының құрылыс барысын тексерді

Новости партнеров