Референдумға дейін:
3
күн
22
сағат
40
минут

Отандық құрылыс материалдары: елімізде биыл 38 жаңа жоба іске қосылмақ

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Отандық өндірісті қолдау мақсатында қажетті құрылыс материалдарын өндіру жобалары жүзеге асырылып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қолжетімді бағамен отандық құрылыс материалдары: елімізде биыл 38 жаңа жоба іске қосылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Үкімет отырысында Премьер-министр құрылыс көлемінің жыл сайын өсуіне байланысты құрылыс материалдарына да сұраныс артып отырғанын атап өтті.

Сондықтан тапшылық пен бағаның өсуіне жол бермеу, сондай-ақ отандық өндірісті қолдау мақсатында қажетті құрылыс материалдарын өндіру жобалары жүзеге асырылып жатыр.


Биыл елімізде осындай 38 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған. Өнеркәсіп министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, олардың уақтылы іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс, — деді Олжас Бектенов.

Жалпы бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Оқи отырыңыз: Үкіметте инфляция мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды

 

Новости партнеров