Отандық өнім: елде 8000-нан астам жеңіл автокөлік шығарылды

29.10.2024 13:57

Салада 120 мыңнан астам адам еңбек етіп жатыр

Қазақстанда алдағы 4 жылда отандық машина жасау көлемі екі есе артады. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министрдің мәліметінше, қазіргі таңда аталған салада 120 мыңнан астам адам еңбек етіп жатыр. Жыл басынан бері өндіріске шамамен 124 млрд теңге инвестиция тартылған. Көрсеткіш өткен кезеңмен салыстырғанда 2 есе өскен. Тоғыз айдағы өндіріс көлемі 3 трлн теңгені құрады. Машина жасау саласында ең үлкен үлесті автомобиль мен теміржол секторлары алып отыр.

"Тоғыз айдың қорытындысы бойынша елде 8000-нан астам жеңіл автокөлік шығарылған. Біз отандық автомашиналардың өндірісін ұлғайтуға баса назар аударамыз. Елде шығарылған автомобильдердің отандық компонеттердің үлесін арттыру. Осы бағытта шетелдік және отандық инвестор ел аумағында жаңа зауыттар салу жұмыстарын жүргізуде", – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық жер серігі экспортқа шығарылады