Қаражат жымқырған күдікті елге қайтарылды

29.10.2024 14:11

Ол Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды

Аса ірі көлемде қаражат жымқырды деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 2023 жылы желдетуге арналған бөлшектер мен ауабаптағыш құрылғыларды жеткізу үшін кәсіпкердің 75 миллион теңгесін алып, қашып кеткен. Кейін халықаралық іздеу жарияланған. Қазір айыпталушыға 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылып отыр.

Биыл  мамырда ол Бішкек қаласында ұсталып, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысы үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді ҚР Бас прокуратурасының өкілі Әсел Берқалиева.

Оқи отырыңыз: Павлодарда 16 жасар жасөспірім есірткімен ұсталды