Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиялық платформасы аясында өткізілді
Алатау ауданында қоғамдағы ең белсенді 250-ге жуық ер азаматтың басын қосқан Әкелер форумы болып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара Нұркент шағынауданындағы Инновациялық шығармашылық орталығында ұйымдастырылып, «Заң және тәртіп» идеологиялық платформасы аясында өткізілді.
Форум барысында қатысушылар әкенің отбасындағы негізгі рөлі, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқылады.
Ашық әрі конструктивті диалогқа прокуратура өкілдері, ювеналдық полиция, қорғаныс органдары, сондай-ақ шақырылған сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Спикерлер отбасылық құндылықтардың маңыздылығына, өскелең ұрпақтың болашағы үшін жауапкершілікке және балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруда мемлекет пен қоғамның бірлескен жұмысының қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Форум тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылап, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ бала тәрбиесінде әкелердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды әзірлеуге арналған алаңға айналды.
Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында 10-нан астам кәсіпорын шағын өнеркәсіп парктеріне алаң дайындап жатыр