Отбасылық жанжал: елорда тұрғыны әйелін пышақтап, өзі 25-қабаттан секіріп кетті

Қазір қайғылы жайттың мән-жайы анықталып жатыр, тексеру амалдары басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана тұрғыны әйелін аяусыз пышақтап, өзі 25-қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аман қалған ер адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады. Қазір адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құзырлы орган Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын ескертті.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, азаматтық некеде тұратын ер мен әйел арасында жанжал туындап, сол кезде ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Кейін ер адам тұрғын үйдің 25-қабатынан секіріп кеткен. Құлау салдарынан ол ауыр жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің бастығы Эльмира Шауленова.

Оқи отырыңыз: Алматыда өткен демалыс күнгі жәрмеңкелерге жарты миллион адам қатысты

Новости партнеров