Іс-шара барысында «Өзіңе оралу» фотокөрмесі өтеді
Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық азайып келеді. Бұл туралы құқық қорғау органдары қызметкерлері, заңгерлер, қор өкілдері қатысқан жиында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Гендірлік: зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» тақырыбында өткен басқосу – әлемнің 180 мемлекетінде бір уақытта жүргізілетін ең үлкен науқандардың бірі. Осыған орай Ішкі Істер министрлігі мен Фридрих Эберт қоры және Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының одағы бірлесіп, екі апталық акцияны бастады.
Іс-шара барысында «Өзіңе оралу» фотокөрмесі өтеді. Онда жаңа өмірге қадам басқан әйелдің шынайы оқиғасы өзгеріске дейін және кейін форматындағы суреттермен бейнеленеді. Сондай-ақ «Сталкинг. Қалай қорғанамыз?» тақырыбы да білікті заңгерлердің қатысуымен кеңінен талқыланбақ. Ашық диалог түрінде өтетін акция барысында өзіңді және жақындарыңды жеке шекараның бұзылуынан қорғау жолдары үйретіледі.
«Өткен жылдың он айында 108 кісі өлтірілсе, отбасылық зорлық-зомбылыққа байланысты, биыл 80 кісі өлтіру дерегі тіркелген. Орташа ауырлықтағы қылмыс 48 пайыз азайды. Бұл – өткен жылы қабылданған жаңа заңның нәтижесі», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Ақмарал Серікбаева.
Оқи отырыңыз: Жаңа жыл қарсаңында әуе және теміржол билеттері қымбаттамайды