Отбасын қауіпті діни ағымдардан қалай қорғауға болады

Терроризмге қарсы орталығы
Терроризмге қарсы орталығы

Алматылық әйелдерге аналарға әлеуметтік желідегі радикалды ағымдардың белгілерін тану жолдары түсіндірілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Түрксіб ауданындағы «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, деп хабарлайды Almaty.tv

Терроризмге қарсы орталығынан хабарлағандай, радикалды діни ағымдардың негізгі белгілеріне агрессивті үгіт-насихат, әлемді «ақ» пен «қараға» бөліп көрсету және адамдарды қоғамнан оқшаулауға итермелеу жатады. Сарапшылардың айтуынша, террористік ұйымдар әйелдерді үгіт-насихат құралы ретінде жиі пайдаланады. Олар әйел бейнесі арқылы ұйымды «қайырымды» немесе «отбасылық құндылықтарды ұстанатын» топ ретінде көрсетіп, жаңа адамдарды тартуға тырысады.

Мұндай топтардың өкілдері тек бейнероликтерге түсіп қана қоймай, интернетте белсенді жұмыс жүргізеді. Әсіресе блогтар, жабық чаттар мен әлеуметтік желілер арқылы адамдарды өз қатарына тарту және қаражат жинаумен айналысады. Мамандардың айтуынша, олар рухани ізденіс немесе «ерекше білім» туралы ақпараттың астарында қоғамнан оқшаулануға, зайырлы заңдарды жоққа шығаруға және ғылымды сынауға үндейтін жасырын үгіт жүргізеді.

Кездесуде дінтану магистрі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы Дидар Мамырбаев дәріс оқыды. Ол әлеуметтік желілер мен интернеттегі жасырын қауіптер, радикалды діни ағымдардың адамдарды арбау тәсілдері туралы айтты.

Маманның сөзінше, күмәнді діни топтардың негізгі белгілеріне агрессивті үгіт жүргізу, қоғамды «ақ» және «қара» деп бөлу, көшбасшыны абсолютті тұлға ретінде көрсету, сондай-ақ адамның жақындарынан алыстауын талап ету жатады.

Кездесу барысында қатысушыларға әлеуметтік желідегі күмәнді ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдаудың маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ радикалды топтардың интернет арқылы адамдарды қалай тартатыны, жабық чаттар мен блогтарды қалай пайдаланатыны айтылды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай кездесулер қоғамдағы діни сауаттылықты арттырып, экстремистік идеологиялардың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі саналады.

Оқи отырыңыз: Президент Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

 

Новости партнеров