Өз таңдауымды жасадым - Абай Бегей

15.03.2026 20:21

Алматыда республикалық референдумға мәдениет саласының белгілі өкілі Абай Бегей де қатысты. Әнші Алатау ауданындағы №196 мектептің дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады. Ол мұндай қоғамдық-саяси оқиғалардың ел үшін маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгінгі референдумға Қазақстан азаматы ретінде келдім. Өз таңдауымды жасадым», – деді әнші Абай Бегей.

№487 учаскелік комиссияның төрағасы Бәтен Рүстенбекқызының айтуынша, дауыс беру үдерісі тыныш әрі ұйымдасқан түрде өткен. Оның айтуынша, комиссия мүшелері учаскедегі тәртіпті бақылап, белгіленген талаптарға сай қатысушыларды тіркеу мен бюллетеньдерді беру жұмыстарын жүргізген.

«Менің жеке көзқарасым Қазақстанның әрбір азаматы дауыс беруге құқылы және оның азаматтық борышы деп санаймын. Әрбір азамат Конституцияның маңызын түсініп, өз дауысының құнды екенін дәлелдегендей болды», – деді № 487 учаскелік комиссияның төрағасы Бәтен Рүстенбекқызы.

Оқи отырыңыз: Жастардың референдумға белсенді қатысуы қуантады - Жанар Айжанова