Референдум: 9 126 850 млн азамат дауыс берді

15.03.2026 20:40

Республика бойынша референдум барысында 9 126 850 азамат дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның дерегінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 20-00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

1. Абай облысы бойынша – 75,45%. 
2. Ақмола облысы бойынша – 79,82%.
3. Ақтөбе облысы бойынша – 87,05%.
4. Алматы облысы бойынша – 71,46%.
5. Атырау облысы бойынша – 74,04%.
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,94%.
7. Жамбыл облысы бойынша – 85,06%.
8. Жетісу облысы бойынша – 78,49%.
9. Қарағанды облысы бойынша – 84,30%
10. Қостанай облысы бойынша – 81,21%.
11. Қызылорда облысы бойынша – 93,04%.
12. Маңғыстау облысы бойынша – 77,89%.
13. Павлодар облысы бойынша – 75,51%.
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 70,52%.
15. Түркістан облысы бойынша – 84,03%.
16. Ұлытау облысы бойынша – 73,15%.
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 86,42%.
18. Астана қаласы бойынша – 60,36%.
19. Алматы қаласы бойынша – 33,43%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 75,82%.

"Жалпы, сағат 20-00-дегі жағдай бойынша республиканың 9 126 850 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызын құрады", - деді Мұхтар Ерман.

Оқи отырыңыз: Шетелдегі 14 учаске жұмысын аяқтады