My Freighter ұшақтары Ташкент – Алматы бағыты бойынша ұшады
Биыл 5 мамырдан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Өзбекстан Республикасының «My Freighter» (Centrum Air) әуе компаниясы шығады, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әуе компания Ташкент – Алматы бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі және бейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастайды. Одан әрі 6 маусымнан бастап аптасына (жұма күндері) тағы бір рейс қосылып, осылайша рейс саны аптасына 3-ке дейін ұлғаяды», - делінген хабарламада.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда мұғалімдер жалақысы бес жылда 100%-ға көбейді