Өзін адвокатпын деп таныстырған ақтөбелік 22 адамды алдап кетті

Depositphotos
Depositphotos

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде 26 жастағы жігіт ұсталды. Ол заңгерлік көмек көрсетемін деп 22 адамнан ақша алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласында өзін адвокатпын деп таныстырған жігіт ұсталды. Ол 22 адамнан ақша алып, қаржыны өз қажетіне жұмсаған.

"Адвокаттың ақысын төлеген адамдар ешқандай көмек алмаған. Жалпы шығын 10 миллион теңгеге жуықтайды. Полицейлер 26 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Оқи отырыңыз: «Алматы жастары»: жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысу үшін өтінімді қосымша іріктеу жарияланды

Новости партнеров