Пәтер жалдау кезінде алаяқтарға ұрынып қалмаңыз - полиция ескерту жасады

14.01.2026 15:31

Құжаттарды тексермейінше, ешқашан ақша аудармаңыз

Аlmaty.tv

Полиция өкілдері пәтер жалдау кезінде алаяқтарға ұрынып қалмай, сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Интернет арқылы тұрғын үй жалдау кезінде алаяқтық деректері жиі кездеседі. Әсіресе әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және хабарландыру сайттарында жарияланатын «бағасы арзан», «шұғыл жалға беріледі», «иесі қалада жоқ», «қазір төлем жасамасаңыз, басқа адам алып қояды» деген ұсыныстарға сақтықпен қараған жөн.

Алаяқтар өздерін пәтер иесі немесе риелтор ретінде таныстырып, үйді көрсетпей-ақ алдын ала төлем талап етеді. Ақша аударылған соң байланыс үзіледі, ал пәтердің мүлде жоқ екені немесе бөтен адамға тиесілі екені анықталады.

Мұндай жағдайға тап болмас үшін пәтерді өз көзіңізбен көрмейінше және меншік құқығын растайтын құжаттарды тексермейінше, ешқашан ақша аудармаңыз. Сондай-ақ міндетті түрде жазбаша келісімшарт жасаңыз.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы заманауи коммуникация құралдарын қалай дамытып жатыр