Биыл әскери мекемені 71 курсант тәмамдады
Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының түлектері диплом алып, лейтенант атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі
Оқу орнының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шеру 28 гвардияшы - панфиловшылар саябағында өтті. Биыл әскери мекемені 71 курсант тәмамдады. Олардың ішінде Қырғыз республикасының екі азаматы бар. Жас офицерлерді Қорғаныс министрлігінің өкілдері, сала ардагерлері мен ата-аналар құттықтады.
«Түлектерге ақ жол, келешекте алдыңғы қатарлы шебер офицер болуына шын жүректен тілектеспін. Бірге істеп жүрген профессорлар, оқытушылардың тілегі – сол», – деді Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы Нұртас Қабақов.¤
«Институтта инженер мамандығы бойынша білім алдық. Болашақта мамандығым бойынша қызмет етіп, біліміміз бен қабілетімізді дәлелдейміз. Әрбір лейтенанттың алғашқы қызметі – взвод командирі. Алдағы уақытта адал еңбегіміздің арқасында кәсіби тұрғыдан өсіп, мансап жолында жоғары жетістіктерге жетеміз деп сенемін», – деді институт түлегі Арыстан Қожахметов.
Оқи отырыңыз: Әскер қатарында қызмет өтемеген азаматтар арнайы билетті қалай алады