Папиллома вирусына қарсы екпе қыздарға ғана емес, ер балаларға да аса қажет - депутат

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Папиллома вирусына қарсы екпе қыздарға ғана емес, ер балаларға да аса қажет. Бұл – Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің пікірі. Сөзінше, әлем елдерінде бұл тәжірибе көптен бері бар. Себебі вирус жатыр мойнынан бөлек, жұтқыншақ, ауыз қуысы мен тік ішекте де қатерлі ісік тудыруы мүмкін.

Елімізде бұл дертпен күрес қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, бір ғана Алматыда 2024 жылдың қыркүйегінен бері 11 мен 13 жас аралығындағы 7300 жасөспірім қыз вакциналаудың бірінші кезеңінен өткен. Ал вирус қандай жолмен жұғуы мүмкін? Оның қанша түрі бар? Осы және өзге де сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық онкология орталығының онкогинеколог маманы Гүлнұр Бағатова жауап береді.

"Адам папиллома вирусы кең таралған және де тез жұқтырылатын және аса қауіпті вирустардың қатарына санауға болады. Әлем бойынша адам папиллома вирусының 200 түрі, типі бар. Оның ішінде аса қауіптісі 40 түрі болып саналады, олар жыныстық жолмен жұғады. Адам папиллома вирусы ол ДНҚ вирусы болып саналады. Ол ағзаға енген кезде жасушаның ДНҚ-ға еніп, клетканы өзгертіп бастайды. Жасуша өзгергеннен бастап, обыр алды процесі пайда болады.

Айтып кететін жайт, әйел адам салауатты өмір салтын сақтама, зиянды әдеттер болса, алкоголь және де темекі шексе, созылмалы аурулары болса, скринингтен өтпесе, обыр тез пайда болады. Адам папиллома вирусы тек қана ол жыныстық жолмен ғана жұқпайды. Теріге жанасу барысында жұғады".

– Түсінікті. Ал енді көрсеткіштерге тоқталсақ, осы уақытқа дейін елімізде қанша адам екпе алып үлгерді. Вакцина қандай әсер берді?

"Өздеріңіз білетіндей, 2024 жылы қыркүйектен бастап Қазақстанда календарь бойынша жасөспірім қыздарға 11, 12 және 13 жас аралығындағы вакцинация басталды. Қазақстан бойынша, жалпы сандарды айта кететін болсақ, 138 мың 400 жасөспірім қыз вакцинацияның толықтай бірінші кезең алды, екінші кезеңде 44 мыңнан аса жасөспірім қыз өтті. Вакцинация екі этаптық. Бірінші этапты екпе салғаннан кейін дәрігердің қарауында болады,  жағдайы жақсы болса,  екінші этап,  6 айдан кейін екпе егіледі.

Алматы қаласын алатын болсақ, 11 жастағы қыздар 3900-ден аса жасөспірім қызға енгізілді. Екінші этапта 686 қыз алды. 12, 13 жасарға келетін болсақ, 3335 жасөспірім қыз алды және де екінші кезеңді 1600 қыз өтті. Осы уақытқа дейін Қазақстан бойынша барлық өңір ешқандай бір кері жанасу әсері, болмаса қандай да бір асқынулар пайда болған жоқ. Вакцинацияға жалпы қарсы көрсетілім жоқ. Сонымен айтып кетейін дегенім, тағы да вакцинация алғалы бері жатыр мойны обырынан басқа, ауыз қуысының, тік ішектің төменгі бөлігі,  әйел және ер кісілердің жыныс мүшелерінің обырынан сақтануына болады. Вакцинацияның тиімділігін 5 жылдан кейін анықтаймыз. Аурудың, кондиломалардың төмендеуі – басты көрсеткіш. Ал толықтай тиімділігін 15-20 жылда аурудың азайғанын байланысты байқауға болады.

Оқи отырыңыз: АИТВ-ның жұғу жолдары мен одан қорғану тәсілдері қандай

Новости партнеров