Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
«Алматы Бас жоспары» бас директорының орынбасары сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген айып тағылып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпарынша, айыпталушы кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге көлемінде пара беруге итермелеген. Оған сот үкімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы берілді. Мұнымен қоса, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
"Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров.
Оқи отырыңыз: Маңғыстаулықтар шомылатын аумаққа айлақ салуға наразы