Павлодар облысында 100 биші "Қара жорға" биін орындады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Іс-шараның мақсаты - еліміздегі көптеген ұлттың мәдениетімен таныстыру 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Хореографиялық қойылымға бес жастағы бүлдіршіндерден бастап, 17 жасқа дейінгі бойжеткендер  қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.  

Тереңкөл ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясында 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара түрлі халықтардың ұлттық киімдегі бишілерінің композициясымен басталды. Олар украин, қазақ,орыс, өзбек билерін биледі. 

Іс-шараның негізгі мақсаты елімізде достық пен татулықта тұрып жатқан көптеген ұлттардың мәдениетімен, өнерімен таныстыру болды. 

«Тереңкөл ауданы мәдениет үйінің «Әдемі» үлгілі би ансамбілі және «Арсен» ЖК-нің тәрбиеленушілерінен құрылған 100 биші қатысты. Көркемдік жетекшісі – ҚР Мәдениет саласының үздігі Құралай Бейсембаева», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: СҚО-да игі іс жасаған баланың ата-анасына айыппұл салынды

Новости партнеров