Ақ халаттылардың мәліметінше, әсіресе, жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны артқан
Павлодар облысында маусымдық инфекциялар бойынша эпидахуал күрделеніп барады. Бүгінде өңірде 479 сынып қашықтан оқу форматына көшті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақ халаттылардың мәліметінше, әсіресе, жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны артқан. Мәселен, эпидемиологиялық маусым басталғалы облыста 52 мың адам ауырған. Одан бөлек, тұмаудың А типінің 30 жағдайы расталыпты
«Павлодар қаласынд – 248 сынып, Екібастұзда – 68, Ақсуда – 45, Баянауыл ауданында – 25, Железин ауданында – 8, Тереңкөл ауданында – 10, Успен ауданында – 30, Павлодар ауданында – 29 сынып қашықтан оқытуға ауысты. Сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарында 16 сынып онлайн форматқа көшірілді», – деді Павлодар облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа №21 автобус бағыты іске қосылады