Павлодар облысында асырап алған қызын зорлаған күдікті өзіне қол жұмсады

23.11.2024 10:12

Бүгінде сол отбасыдан қайтарылған бес бала медициналық тексеруден өтіп жатыр

Photo by A. L. on Unsplash

Зорлық фактісі медициналық тексеру барысында анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазинаның сөзінше, отбасыда бес асыранды бала болған. Жасөспірімдер ересектердің сөзін алмай, тыңдамаған соң  асырап алушылар олардан 2022 жылы бас тартқан. Олардың арасында зорлау әрекетінің құрбаны болған 16 жастағы қыз болды. 

– Мекемеде жоспарлы медициналық тексерулер жүргізілуде. Гинеколог маманы кәмелетке толмаған қызбен әңгімелесу барысында осындай факті анықталды. Қыздың сөзінше, асырап алушы ата-анасының тарапынан оған қатысты зорлық болған. Бүгінгі таңда сол отбасыдан қайтарылған бес бала медициналық тексеруден өтеді, – деді Самал Айтқазина. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған адамды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Алайда, күдікті осы факті бойынша полицияға жүгінгенін біліп, өз-өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған. 

Оқи отырыңыз: Адам саудасы: биыл 197 қылмыстық іс тіркелді