Бірақ жанған жерлердің жалпы аумағы шамамен 50 есеге аз
Бірақ орманды алқаптарында жанып кеткен жерлердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 50 есе аз екені анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ертіс-Баян өңіріндегі орман шаруашылықтарында биыл 100 орман өрті тіркелген. Жалпы аумағы 108,7 гектар жерді жалын шарпыған, оның ішінде 41,5 гектары - орманмен көмкерілген жерлер. Өрттердің негізгі себебі — найзағайдың түсуі (87% жағдай).
"2024 жылмен салыстырғанда өрт оқиғаларының саны екі есе артқан. Бірақ жанған жерлердің жалпы аумағы шамамен 50 есеге аз. Өткен жылы 46 өрт тіркеліп, жалпы аумағы 5002,1 гектар жер жанып кеткен еді", - дейді өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Шамиль Елубаев.
«Ертіс орманы» резерватында - 80, Баянауыл ұлттық паркінде - 11, ал жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау басқармасына қарасты мекемелерде - 9 жағдай тіркелген.
Оқи отырыңыз: Қостанайда алаяқтар кәсіпкердің 24 миллион теңгесін жымқырған