Павлодар облысында әкесі 3 жастағы қызын ұрып өлтірген

Қазіргі кезде бала өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында ер адам өзінің 3 жастағы қызын аяусыз ұрып, өлтірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жаға ұстатарлық жағдай Тереңкөл ауылында болған. Елдімекен тұрғындарының сөзінше, азамат ішімдікке сылқия тойып, бүлдіршінді еденге бірнеше рет лақтырған. Ауыр жарақат салдарынан балақайды аман алып қалу мүмкін болмапты.

Бүгінде аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

«Аталған қылмысты фактісі бойынша полиция іс қозғады. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен қыздың әкесі анықталып, ұсталды. Және сот санкциясымен қамауға алынды», - деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанар Белялова.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында ломбард қызметкерін өлтіргендерге қатысты сот басталды

Новости партнеров