Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 млн теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді
Қаржы мониторинг агенттігінің Павлодар облысындағы департаменті вейп сататын 4 адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар вейптерді Telegram мессенджеріндегі үш онлайн-дүкен арқылы оқушылар мен жастарға сатып отырған. Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 млн теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер банк карталары ресімделген дропперлерді пайдаланған.
«Соттың санкциясымен қылмыстық табысқа сатып алған 3 автокөлік («Toyota Land Cruiser», «Toyota Highlander», «Chevrolet Camaro») арестке қойылды», - деп хабарлайды ҚМА.
Оқи отырыңыз: 24 желтоқсанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық