24 желтоқсанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық

Depositphotos
Depositphotos

Жол шамамен 2025 жылғы 24 желтоқсан сағат 12:00–де ашылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық компанияның дерегінше, 2025 жылғы 24 желтоқсанда сағат 08:00–ден бастап республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс жанданды.

Батыс Қазақстан облысы

• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 393-526-шақырым аралығы (Жымпиты ауылы — Ақтөбе облысының шекарасы).

Ақтөбе облысы

• «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 526-702-шақырым аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасы — Маржанбұлақ ауылы).

Жылдамдық шектеуі

2025 жылғы 23 желтоқсанда сағат 14:00–ден бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар KAZ02 «Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті)» автожолының 18–232-шақырым аралығында (Астана қаласы — Щучинск қаласы) барлық көлік түрі үшін жылдамдық 110 шақсағ-тан 80 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді.

Сондай-ақ тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Жабық жолдар

2025 жылғы 24 желтоқсанда сағат 06:00–де ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысындағы «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1522-1806-шақырым аралығында (№ 99 станция — Қызылорда қаласы) барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жол шамамен 2025 жылғы 24 желтоқсан сағат 12:00–де ашылады.

Жетісу облысында ауа райының нашарлауына байланысты KAZ 19-02 «Үшарал — Достық» автожолының 84-164-шақырым аралығында (Көктұма ауылы — Достық станциясы) барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Павлодар облысында «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында ауа райына байланысты жол жабылды

Новости партнеров