Павлодар облысында мектеп оқушыларына вейп сатқан топ ұсталды

24.12.2025 12:16

Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 млн теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді

стоп кадр

Қаржы мониторинг агенттігінің Павлодар облысындағы департаменті вейп сататын 4 адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар вейптерді Telegram мессенджеріндегі үш онлайн-дүкен арқылы оқушылар мен жастарға сатып отырған. Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 млн теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер банк карталары ресімделген дропперлерді пайдаланған.

«Соттың санкциясымен қылмыстық табысқа сатып алған 3 автокөлік («Toyota Land Cruiser», «Toyota Highlander», «Chevrolet Camaro») арестке қойылды», - деп хабарлайды ҚМА.

Оқи отырыңыз: 24 желтоқсанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық