Павлодар облысында понтонды көпір тағы да су астында қалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында понтонды көпір тағы да су астында қалды. Бұған дейін жөндеу жұмыстарына 34 миллион теңге жұмсалған өткел көктемгі тасқынға төтеп бере алмаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Көктас ауылы маңындағы көпір жиырма жылға жуық бірнеше елдімекенді жайылым алқаптарымен байланыстырып келген. Тұрғындар ол арқылы мал азығын тасып, энергетиктер электр желілеріне қатынап жүрген. Былтыр ауыл тұрғындары өткелдің әбден тозғанын айтып шағым білдірген. Ал жергілікті билік көпірді ауыстыруға қажетті жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаржы бөлінгенін мәлімдеп, мәселені қолға алатынын жеткізген. Алайда арағы жыл салып жағдай одан әрі қиындапты. Мамандар тексеру барысында тігістердің ажырап, понтонды құрылымдардың қатты ескіргенін растады. Ал Белая өзені көтерілгеннен кейін өткел толық су астына кетіп, жарамсыз болып қалған.

«Ауылдық округ әкімдігі сотқа талап-арыз беріп, мердігер ұйымды кепілдік міндетін орындауға міндеттеуін сұрады. Істі қарау нәтижесінде тараптар сот бекіткен медиативтік келісімге келді. Сотпен бекітілді. Келісімге сәйкес, мердігер ұйым қалпына келтіру жұмыстарын 2026 жылдың 25 шілдесіне дейін жасауы тиіс», – деді Қ. Қамзин атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жанар Жақсылықова.

Оқи отырыңыз: Алматыда Момышұлы көшесінде LRT құрылысына байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі