Павлодар облысында үйінде ондаған килограмм есірткі сақтаған адам ұсталды

polisia.kz
polisia.kz

Қазіргі уақытта ұсталған адамның есірткі партиясын қандай мақсатта сақтағаны анықталып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында Ертіс ауданының 24 жастағы тұрғыны ұсталды, ол өз үйінің қорасында 20 кг-нан астам марихуана сақтаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ер адамның есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтауға байланысты құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар екені анықталды.

Жеке ауланың аумағында орналасқан қораның жертөлесінде тінту шараларын жүргізу кезінде полицейлер қарасора иісі бар өсімдік массасымен толтырылған 5 қап пен чемодан тапты.

«Есірткі заттарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта ұсталған адамның есірткі партиясын қандай мақсатта сақтағаны анықталып жатыр», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алимент жыры: борышкерлердің мүлкі сатылымға шығарылады

Новости партнеров